Жаңалық

«Педагогика» кітабы түрікшеге аударылды

Ыстанбұл университеті Түрік тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы Доцент Уғур Гүрсу Мағжан Жұмаевтың «Педагогика» кітабын түрікше жариялады.

Студенттік жылдарында қазақ тіліне деген қызығушылығы басталған У. Гүрсу докторантура кезінде «Түрікше және қазақша мақал-мәтелдердің салыстырмалы анализі» атты диссертациясын қорғайды.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» туындысының түрікшеге аударылмағанын байқап, аударма жұмыстарына кіріседі. Осылайша толағай еңбектің жемісі, Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты оқу құралы жуырда түрік оқырмандарына ұсынылды.

Оқу құралы педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Сондай-ақ, кітапта психология және логика салалары туралы да ақпарат берілген. Сонымен қатар туындыда педагогика ілімі қазақ мәдениеті мен дәстүрлеріне сәйкес жазылған.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button