Жаңалық

Networking деген не?

Биылғы жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 3 жыл толды. Мақала ұлттық кодты және жаңа құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімі өңіріміздің қалалары мен аудандарында жаңа құндылықтар қалыптастырудың стратегиялық негіздерін тиімді шешуге бағытталған, бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобаларды басқарудың әдістемесі мен негіздерін үйрету мақсатында «Бір күн жүйесі@.kz» Networking жүргізуде. Аталмыш іс-шара формасы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені қазіргі уақытта ол кез келген саладағы қызметтің маңызды перспективалық құрамдас бөлігіне айналуда.

 

Семинар бағдарламасымен Аққулы, Май, Железин, Шарбақты және Тереңкөл аудандарының әкімдіктерінің мамандары, білім және мәдениет өкілдері, белсенді жастар, шығармашылық интеллигенциясы танысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нурия Кубенова облыстың қалалары мен аудандарының жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтіріп, бағдарламаның жаңа кезеңінің іске асырылуы туралы баяндады. Ал бөлім мамандары аймақта жүзеге асырылып жатқан жобаларға тәжірибе тұрғысында әзірлеу және түзетулер енгізу жұмыстарын жүргізген болатын. Жалпы алғанда семинарға 5 ауданнан 107 адам қатысты.

 

Нетворкинг жаңа жемістер әкелуге, дамудың жаңа көкжиектерін ашуға арналғанын атап өткіміз келеді. «Бір күн жүйесі@.kz» Networking − кең тұрғыда ойлау және әрекет ету, сананың адами аспектілеріне бағытталған жүйелі шешімдер қабылдау.

 

«Нетворкинг – бұл басқа тұлғалардың жетістіктерін ілгерілету өнері» (R. Frishman, J. Lublin), жаңа жобаларды іске қосу және ілгерілету үшін осы идеяны растауда «Асық» электрондық ойынын құру, «Ерекше адамдар» айдарын жаңа форматта қайта бастау болып табылады.

 

Аталмыш нетворкинг семинары қатысушылар мен ұйымдастырушылар алдында жалғыз қол жеткізуге болмайтын мүмкіндіктерді ашады деген үміттеміз.

 

Павлодар облысы,

 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсес

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button