Жаңалық

Маркетингтік ақпарат және тұтынушыны түсіну. Pinterest үлгісі

Тұтынушылар үшін құндылық қалыптастыру және олармен мәнді қарым-қатынас орнату үшін маркетологтар ең алдымен тұтынушы нені қалайтынын және нені қажет ететіні туралы жақсы, терең ақпаратты анықтауы қажет.

Тұтынушыны түсіну үшін жақсы маркетингтік ақпарат керек. Компаниялар осындай тұтынушыны түсінуін бәсекелік артықшылық қалыптастыру үшін қолданады.

Мысалы, Pinterest әлеуметтік медиа сайты алты жыл бұрын жұмыс істей бастағанда сол кездегі ондаған, тіпті жүздеген әлеуметтік медиа платформасынан ерекшеленуі керек болды.

Pinterest зерттеуі тұтынушы жөніндегі басты түсінікті ашты: көп адам тек Twitter немесе Facebook сияқты хабарлама мен сурет қана жариялайтын платформалардан көбірек нәрсені қалайды. Олар өз мүддесі мен қызығушылығына қарай желідегі нәрселерді жинауға, ұйымдастыруға және бөлісуге болатын мүмкіндікті іздейді. Осылайша Pinterest әлеуметтік скрапбукинг сайтын құрды, онда жұрт цифрлық пинбордтар жасап, онда өзіне шабыт сыйлайтын тақырыптардағы суреттер коллекциясын жинап, ортаға сала алады. «Pinterest – сіздің жеке интернетіңіз, онда тек сіз ұнататын нәрселер бар», – дейді компания.

Осындай тұтынушыны түсінуі арқасында Pinterest жан-жақты танымал болды. Бүгінде 100 миллионнан астам белсенді Pinterest қолданушысы күніне 5 миллионнан астам пост жариялап, айына 2,5 миллиардтан астам бет қарайды. Өз кезегінде, жарты миллионнан астам бизнес-компания тұтынушылар қауымдастығын тарту және шабыттандыру үшін Pinterest сайтын пайдаланады. Мәселен, L.L.Bean компаниясының Pinterest-те 5,1 миллион, Nordstrom-да 4,3 миллион және Lowe-де 3,4 миллион жазылушысы бар. Америкалық онлайн сатып алушылардың шамамен 47%-ы Pinterest ұсынған затты сатып алады.

Тұтынушылар мен нарықты түсіну тұтынушы үшін құндылық қалыптастыру мен келісім құру үшін өте маңызды болса да, олардың көбі қиындық тудырады. Тұтынушылар қалауы мен сатып алу мотивтері нақты емес, әдетте тұтынушылар өзіне не керек екенін және не мақсатпен сатып алатынын нақты айта алмайды. Тұтынушыны жақсы түсіну үшін маркетологтар маркетингтік ақпаратты тиімді басқаруы тиіс.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button