Жаңалық

Сөз иелері деген кімдер?

ҚР Сенат спикері Мәулен Әшімбаев қазақ әдебиетінің үш бірдей алыбы – Мұхтар Әуезовтің, Шерхан Мұртазаның және Оралхан Бөкейдің туған күніне орай фейсбуктегі парақшасында жазба қалдырды.

“Бүгін қазақ әдебиеті күні десек, артық бола қоймас. Өйткені 28 қыркүйек – әдебиетіміздің үш бірдей алыбы Мұхтар Әуезовтің, Шерхан Мұртазаның және Оралхан Бөкейдің туған күндері. Қайталанбас туындыларымен ұлттың жоғын түгендеген және ұрпаққа өшпес өсиет қалдырған сөз зергерлерінің мұрасын дәріптеу – бізге міндет”, деді Мәулен Әшімбаев.
⁣⁣⠀
Осы ретте Сенат спикері қазақтың әр баласы Әуезовті, Шерхан Мұртазаны және “Алтайдың Кербұғысы” атанған Оралханды міндетті түрде оқу керек екенін атап өтті.

“Сол арқылы біз Абайды танимыз және сөздің құдіретін зерделеуге, ұлттық болмысымыздың сән-салтанатына зер салуға мүмкіндік аламыз. Ең бастысы, өркениеттің шыңына жетелейтін кітап оқу деген қағиданың қадір-қасиетін түсінеміз.⁣⁣ Заңғар жазушыларымыздың жатқан жерлері жарық, топырақтары торқа болсын!”, деді ол.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button