Жаңалық

«Абай және Алаш» республиқалық конференциясы өтеді

«Абай және Алаш» республиқалық конференциясы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына және қоғам қайраткері Мұхамедхан Сейткұловтың туғанына 150 жыл толуына арналған.

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы, ф.ғ.к., доцент, ақын, белгілі қоғам қайраткері Айтбай Ботпайұлы Жұмағұловтың қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына және қоғам қайраткері Мұхамедхан Сейткұловтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Абай және Алаш» атты оn-line тәртібіндегі республикалық конференция өткізеді.

Іс-шара ұлт мұраты, мемлекетті қалыптастыру жолында ерен еңбек етіп, қазақ руханиятының, әдебиеті мен мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан хәкім Абай мен Алаш қайраткерлерінің тағылымды жолын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде жеткізіп, дәріптеуді мақсат етеді.

Онлайн кездесу ZOOM платформасында өтеді.

Уақыты:    29 қыркүйек 2020 сағат 14:00 -де

Zoom конференциясының сілтемесі:

https://us04web.zoom.us/j/7614538728?pwd=eEV1QWdQOFNDUTgzTGRIU2FRYlpXQT09

Конференция идентификаторы: 761 453 8728

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша хабарласа аласыздар:

8(7212) 43-07-04, 87013583063 Қатаева Жұлдыз Ізтайқызы, сирек кітаптар мен қолжазбалар және музей жәдігерлері бөлімінің басшысы.

e-mail: karaganda_oub@mail.ru.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button