Жаңалық

«Жұбан» орталығы ашылды

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында жерлес ақын Ж. Молдағалиевтың 100 жылдығы мерейтойына орай Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының орталығы – Чапаев ауылында «Жұбан орталығы» ашылды.

Жұбан ақын тек Жайықтың ғана емес, қазақтың ортақ мақтанышы. Бұл орталықта Жұбан ақынның өзі тұтынған құнды жәдігерлер де бар. Сондай-ақ орталықтың кітапханасы мен руханият залы да пайдалануға берілді.

Шара барысында ақынның рухына тағзым етіп, ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Орталықтың ашылу салтанатына Алматы қаласынан ақынның жары София Мәлікқызы мен ұрпақтары, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ауданның құрметті азаматы, әйгілі композитор Ілия Жақанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов, еңбек ардагерлері және танымал тұлғалар қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button