Жаңалық

Ғалымдар: Суық тию коронавирустан қорғайды

Ғалымдар қарапайым суық тигізген адамның коронавирустан сақтана алатынын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Царьград.тв мәліметінше, АҚШ-тың Рочестер университеті маусымдық суық тиюдің коронавсирусқа қарсы тұра алатынын анықтады. Коронавирустан жазылған 26 науқастың қан үлгілерін зерттей отырып, ғалымдар олардың көпшілігінде SARS-CoV-2-ні анықтап, оларды бейтараптандыратын В жасушаларының жиынтығы (суықтың салдары) бар екенін байқаған. Үлгілерді сау адамдардың қан анализімен салыстырғаннан кейін және қоздырғыштарды тауып, есте сақтайтын, сондай-ақ оларды жоюға қабілетті антиденелер шығаратын В жады жасушаларының концентрациясын салыстырғаннан кейін жасушалар көптеген коронавирустардың негізгі құрамдас бөлігі – тікен тәрізді ақуызды тани алатындығы анықталды. Яғни, бета-коронавирустардың барлығы дерлік «ескі» үлгілерден В жады жасушаларын танып, өндірілген антиденелердің көмегімен қоздырғыштардың белсенділігін басады. Осылайша, ғалымдар В жады жасушасы пайда болған жағдайда әдеттегі маусымдық суықтан айыққан адамның коронавирустан қорғалатынын мәлімдеді.

 

Естеріңізге сала кетейік, жуырда АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы ол Twitter-де хабарлаған еді. Бұған дейін Дональд Трамптың кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін АҚШ басшысы карантинге жатқызылған. Ол коронавирус сынамасының нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген болатын.

 

Nur.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button