Жаңалық

Семейде құрылыс кезінде ежелгі қорғандар табылды

Ежелгі қорғандар мен тұрмыстық заттар Семейдегі сауда орталығының құрылысы кезінде табылған. Табылған заттардың арасында ағаштан жасалған конструкциялар мен керамикалық ыдыстардың сынықтары да бар.

Археологтар сәулет ескерткіші темір дәуіріне жатады және мыңжылдық тарихы бар деп болжайды. Олардың пікірінше, бұл орынннан ерекше жәдігерлер көптеп табылуы мүмкін. Алайда, олар 30 жылдан бері осы жерде жүріп келе жатқан құрылыс жұмыстарының салдарынан жоғалып кетуі мүмкін.

Аумақты құрылысы аяқталмаған спорттық-сауықтыру кешені алып жатты. Ал екі жыл бұрын мұнда сауда орталығы салына бастады. Қазір археологтар құзыретті органдармен бірге құнды тарихи олжаларды зерттеуге мүмкіндік беретін жоба әзірлеуде.

Археолог Айдын Жүнісханов кездейсоқ табылған тарихи жәдігерлер туралы жұмысшылардың хабарлағанын айтады.

«Бұл жерде төрт қорғанның орыны анық байқалады. Құрылыстардың 95%-ы жойылды. Тек артқы қабырғалар ғана қалған. Есік және Берел қорғандарына ұқсастығын байқай отырып, олар біздің дәуірімізге дейінгі үшінші немесе төртінші ғасырларға жатады деп болжауға болады. Қорғандардың нақты салынған күнін радиокарбондық талдау жүргізілгеннен кейін анықтай аламыз», – дейді Айдын Жүнісханов. 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button