Жаңалық

Қашықтан оқудың қандай құпиялары бар?

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қолдауымен Шымкент қаласының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Қашықтан оқыту: ізденіс пен тәжірибелер» тақырыбы аясында «Рухани жаңғыру – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты республикалық практикалық вебинар өткізілді.

Вебинардың мақсаты – қашықтан оқыту жағдайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шара жоспарына енген 4 арнайы жобамен таныстыру және жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын түсіндіру, атқарылған жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу.

Вебинарды Шымкент қаласының әдістемелік орталығының директоры М.А.Медетбекова жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес әдістемелік орталықтың тәрбие және қосымша білім беру әдіскері Г.Баймусаева «Қашықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.

№89 ІТ мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Қожбанова «Әдет пен ғұрып» жобасы бойынша тәжірибесімен бөлісті.

вебинар

№56 С. Көбеев атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Базарбаева «Құқықтық мәдениет» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады.

№65 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Қайыпов «Еңбек – ел мұраты» жобасы бойынша, №62 Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Касимова бейне-ролик ұсынып, тәжірибесін ортаға салды.

Жалпы республика бойынша аталған вебинарға педагогтер қауымы қатысты. Тыңдаушылар үшін өте тиімді және қазіргі таңдағы өзекті мәселені қарастырған практикалық вебинар болды. Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс орнатылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button