Жаңалық

Республикалық слеттің облыстық кезеңі аяқталды

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары Республикалық слетінің облыстық кезеңі аяқталды

2020 жылғы 18-23 қыркүйек аралығында Павлодар облысы білім беру басқармасы қашықтық форматында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары Республикалық слетінің облыстық кезеңін өткізді.

Бұл слет «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған болатын.

Облыстың қалалары мен аудандарынан 10 адамнан құралған 26 команда қатысты. Слет қатысушыларының жас аралығы 14-16 жасты құрайды.

Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау басты мақсатымыз болып табылады.

Әрбір қатысушы экологиялық-биологиялық және ғылыми-техникалық бағыттағы өз жұмыстарын таныстыруға, туристік шеберлікті, экологиялық мәде­ниет­ті дамыту, өңірдің тарихы мен географиясы, оқушылардың туған елге деген көзқарасын қалыптастыру жайлы ойларын толық жеткізе алды.

Слет келесі номинациялар бойынша өткізілді: Бард әндері конкурсы, «Жас Өлкетану», «Туған өлке соқпақтары», «Ең керемет туристік өлке», «Туған өлке тарихы», «Экологиялық соқпақ», жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, туризм білгірлері.

Республикалық слеттің облыстық кезеңі қорытындысы бойынша Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының командасы жеңімпаз атанды. 2-орынды Екібастұз қаласының №36 мектеп-лицейінің командасы, 3-орынды Павлодар қаласының №40 ЖОББМ командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталар және медальдармен марапатталды. Аталмыш іс-шарада қатысушылар туристік дағдыларды жақсы меңгергендерін және өлкетануда жақсы білімдерін көрсете білді.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button