Жаңалық

ASPARA FASHION WEEK MERKE сән апталығының 6-шы маусымын өткізіп алмаңыз

Онлайн режим арқылы ұйымдастырылатын шара Меркіде өтеді.

Шараның бірінші күні Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері: Сингапур, Индонезия, Мьянма, Филиппин, Тайланд, Малайзия, Бруней, Лаос, Камбоджа, Вьетнамнан келген 30 дизайнер өз коллекцияларын ұсынады.

Жалпы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сән үлгісі бір-біріне қатты ұқсас деген қате түсінік. Әр елдің салты да, сән үлгісі де басқа. Мысалы, Қытай дизайнерлерінің киімдері көбіне өнер туындысына ұқсайды: керемет безендіру, күрделі кесте пішінді болып келеді. Вьетнамнан келген жас сәнгерлер негізінен нәзіктікке мән береді. Оларды лотос гүлі шабыттандыратынын да айта кеткен жөн. Ал сингапурлықтардың еуропалықтарға еліктейтіні байқалады. Дегенмен, этникалық белгілері киім үлгісіне өзіндік ерекше стиль береді. Сондай-ақ, күрделі өрнектері бар маталардан жасалған көйлектер индонезиялықтарға тән. Олардың шығармашылық қабілеттерін осы сән апталығынан көруге болады. Мьянмалық сән шеберлері әртүрлі маталарға көбірек мән береді. Яғни барқытты, жібекті, шілтерді және мақтаны ұнатады. Ал филиппиндіктер кешкі той көйлегін тігуге құмар. Көздің жауын аларлық әдемі көйлектер нәзік жандылардың жүрегін бірден жаулап алатыны түсінікті. Бұл Азия сән үлгісіндегі жалпылама түсінік.

Сары құрлықтың сән мықтылары келер жылдың жазы мен көктеміне қандай туындыларын ұсынбақ? Тамашалағыларыңыз келсе, онлайн форматта бәрін көретін мүмкіндік бар.

Сән апталығының сілтемесі:

https://us02web.zoom.us/j/84877588335

Конференцияның идентификаторы: 848 7758 8335

БАСТАЛУЫ: 7 қазан, 2020 жыл. Басталуы: 19:00 Нұр-Сұлтан уақытымен.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button