Жаңалық

Пангея материгі қайда орналасқан?

Құрлықтардың қозғалысы.

Тектоникалық тақталар – жердің литосфера қабатын құрайтын және үнемі қозғала отырып, пішімін өзгертетін тұрақсыз мығым блоктар жиынтығы.

Тектоника ғылымы литосфераны «жер қабаттары мен бөлімдерінің тығыз байланысқан аралық бөлігі» деп түсіндіреді. Литосфераның төменгі қабатындағы жұмсақ бөлігінде орналасқан жылу мен толқын жердің астыңғы қабаттарын қозғайды. Олар кейде ажырап, кейде бірігеді. Көп бөлігі мұхит түбінде жататын тектоникалық тақталардың қыртысынан жер сілкініп, жанартау түзіледі. Тақталардың қозғалысы жер бетінің қалыптасу орны мен көлеміне әсер етеді. Әрине, бұл қозғалыстар геологиялық өлшеммен жылына бірнеше сантиметр ғана жылжиды.

Шамамен екі жүз миллион жыл бұрын геолог-ғалымдар Пангея деп атаған үлкен бір ғана құрлық болған. Уақыт өте келе сол жалғыз құрлық біртіндеп ажырай бастады. Алғашында екі ірі құрлыққа, кейін бірнеше бөлікке бөлінді. Гондваналандия деген құрлықтың құрамында болған Үндістан одан ажырап, ақырындап солтүстікке қарай жылжыған. Осыдан отыз миллион жыл бұрын Үндістан Еуразия құрлығына еніп, сол екі құрлық соқтығысқан жерден Гималай тауы қалыптасты. Себебі құрлықтың айналым үдерісі жиырма миллион жылға жалғасады. Африка Гибралтар бұғазынан ажырап, Еуропаға қарай жылжыды. Нәтижесінде құрлықаралық Жерорта теңізін қалыптастырды. Тынық мұхит қатпарының солтүстік бөлігіндегі Калифорния жағалауы солтүстік бағытқа қарай жылжып отыр. Бұл үдеріс жалғаса берсе, нью-йорктіктер бір күні ұйқысынан оянғанда, Солтүстік Америкадан ажырап кеткеніне куә болуы мүмкін.

 «Panorama: Дүниежүзі тарихы, 1-кітап»,

100 жаңа оқулық» жобасы асында аударылған кітап)

Росс Е. Данн, Лора Дж. Митчелл

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button