Жаңалық

«Қазпошта» қалай жұмыс істейді?

9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні

«Қазпошта» – пошта байланысы кәсіпорны.

ҚР Үкіметінің «Пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны мен оған қарасты мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру туралы» 1999 жылы 20 желтоқсанда «Қазпошта» ААҚ болып қайта құрылды.

Құрылтайшысы – ҚР Үкіметі. Мемлекеттің үлесі 100%.

Кәсіпорын жылына, орта есеппен, 14 млн. хат тасиды.

Тиімді экожүйеге негізделген заманауи цифрлық қоғамның дамуына көз жеткізіп, клиенттерге почта, логистикалық және қаржылық агенттік қызметтерін жылдам және сенімді түрде алуға мүмкіндік береді.

«Қазпошта» ҚР Ұлттық банкінің лицензиясына сәйкес теңгемен және шет ел валютасымен операциялар жүргізеді.

Алпысыншы жылдардың ортасында Қазақстанда толық қанды қызмет көрсететін 4000 байланыс бөлімшесі жұмыс істеді.

1930 жылдың басында Қазақстандағы почта-телеграф кәсіпорындарының саны 1250-ге, ал пошталық даңғыл жол ұзындығы 42 мың км-ге жеткен.

«Қазпочта» АҚ Posteurop Европаның мемлекеттік пошта операторлары қауымдастығының, Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың (БӨЫ) мүшесі болып табылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button