Жаңалық

«Бұқарекең жырлайды» сайысы өтті

Қарағанды қаласында халық ақыны Доскей Әлімбаевтың 170 жылдығына арналған дәстүрлі «Бұқарекең жырлайды» атты облыстық ақын-жыршылар сайысы өтті.

Тарихи құндылықтарымызды насихаттау және халық ақыны Доскей Әлімбаевтың мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған игі шара 2008 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Мүшайраға Қарағанды, Теміртау, Саран қалаларының және Абай, Қарқаралы, Жаңаарқа, Ақтоғай, Сұрыптау, Бұқар Жырау, Шет, Осакаров аудандарынан 70-тен астам өнерпаз қатысты.

Сайыс «Бұқар жырауша», «Бұқар жырау оқулары», «Жыршы-жыраулар сайысы», «Әлемді түгел білсе де» атты төрт номинация бойынша өтті.

«Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша Ташимбекова Жанерке, «Бұқар жырауша» номинациясы бойыншаи Абзал Мақаш, «Жыршы-жыраулар сайысы» номинациясы бойынша Доскей Ботпай, «Әлемді түгел білсе де» номинациясы бойынша Гамм Вадим жеңімпаз атанып, марапатқа ие болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button