Жаңалық

Еңбек – елдің мұраты

«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ КеАҚ «Рухани жаңғыру» орталығы Бағдарламаның жобалар басқармасы жаңа жоба бастады. Еңбек адамдарының бір күні қызықты фоторепортаж арқылы таныстырылмақ. Бүгінгі репортаж Нұр-Сұлтан қаласының тазалық сақшыларына арналады.

Таңғы сағат сегіз. Елорданың Тәуелсіздік көшесінде қарбалас тіршілік басталды.

Көшенің тазалығына жауапты адам – Гүлжамал Тәменқызы. 2 баланың анасы.

Гүлжамал әдеттегідей құрал сайманын сайлап, жұмысына кірісті.

Гүлжамал Тәменқызы «Астана тазалық» ЖШС-де 8 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Жұмыс таңғы 8-ден басталып, кешкі 5-ке дейін жалғасады.

«Еңбегі көптің өнбегі көп» деген аталы сөзді кейіпкеріміз өмірлік ұстанымына айналдырған.

Жаздың аптабы мен қыстың қақаған аязында қолынан күрегі түспей, қала тұрғындары үшін аянбай тер төгіп келеді.

Еңбек адамының жұмысының артында бас шаһардың тазалығы жатыр.

Еңбек адамының мәртебесі жоғарылап, әлеуеті арта берсін!

Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді. Бір-біріміздің еңбегімізді бағалайық.

Әмина Қадылбекқызы

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button