Жаңалық

Жошы хан тарихи-мәдени кешені салынып жатыр

Жезқазғанда Жошы хан атындағы тарихи-мәдени кешеннің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Кешеннің ішінде Жезқазғанның киелі жерлеріне арналған экспозициялар мен демонстрацияларға арналған залдар орналасқан. Дизайнерлер тарихи жазбаларды қалпына келтіріп, балауыз фигураларын салады.

Кірпіштің арнайы төселуінің арқасында ауа-райына қарамастан ғимарат әрдайым жылы болады. Туристер үшін қонақ үй кешені мен асхана салынбақ.

Қазір құрылысшылар ішкі әрлеу жұмыстарына кірісті. Аумақты абаттандыру және көгалдандыру жүргізіледі. Жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Кешеннің ауласында Жошы ханның бес метрлік гранит ескерткіші тұрғызылды. Тарихи кешеннің айналасында этно-ауыл пайда болады. Ұлттық бұйымдар мен әшекейлер көрмелерін өткізу үшін киіз үйлер мен шатырлар орнатылады.

Жошы хан тарихи-мәдени кешені Алтын Орда дәуірін зерттеуге арналған ғылыми орталыққа айналады. Мұнда отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференциялар мен симпозиумдар өткізіледі. Сондай-ақ, кешен базасында оқушылар үшін көшпелі тарих сабақтары ұйымдастырылмақ.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button