Жаңалық

Атыраулық оқушылардың ғылыми жұмысы халықаралық жинаққа енді

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ұсынған ғылыми жұмыс В.Курбатов атындағы оқушылардың халықаралық ғылыми еңбектер жинағына енді.

Аталған мектептің 8-сынып оқушылары Ділназ Мүбарак пен Әзиза Абатова Ресей Федерациясында қашықтан өткен «Химия: ғылым мен өнер» атты ғылыми-жобалар конкурсына «Апельсин қабығынан тыңайтқыш әзірлеу» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ұсынған. Нәтижесінде ғылыми еңбек ресейлік қазылар алқасының жоғары бағасын алып, Әзиза мен Ділназ үшінші дәрежелі диплом мен сертификатқа ие болған.

«Атыраулық оқушылардың ғылыми жаңалығы В.Курбатовтың 142 жылдығына орай жарық көрген халықаралық ғылыми еңбектер жинағына енгізілді. Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институтында оқушылардың еңбегі жарияланған ғылыми жинақ сертификаты онлайн түрде табысталды. Бұған дейін Әзиза Абатова мен Ділназ Мүбарактың аталған ғылыми-зерттеу жобасы оқушылардың республикалық «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында бас жүлдеге ие болды» -деп хабарлады Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button