Жаңалық

«Ауыл – ел бесігі» жобасы қандай жоба?

Май ауданының орталығындағы стадион жаңартылды.

 

«Спорт – денсаулық кепілі».

 

Павлодар облысы, Май ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі футбол алаңы мен жүгіру жолының ашылу салтанаты өтті. Спорт сүйер қауымды аудан әкімі Марат Ақтаев құттықтап, жылы лебізін білдірді.

 

Май ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлсара Зейноллақызының айтуынша: «1969 жылы бой көтерген спорт ғимараты, футбол алаңы алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп отыр. Енді міне аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі футбол алаңы мен жүгіру жолы барынша жаңарып қалды. Барлық талаптарға сай, заманауи нысан – «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы аясында іске асырылды».

 

Сондай-ақ, аталмыш жоба аясында Қазан жалпы орта білім беру мектебінде терезе мен есіктерді ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары және Жұмыскер ауылының жолдарына орташа жөңдеулер жұмыстары аяқталған болатын.

Ашылу салтанаты барысында спортшылар атынан аудандық мәслихат депутаты, көпжарыс сайысының чемпионы Қабыкен Ботабай алғыс айтты.

 

Еліміздің, облысымыздың намысын қорғап жүрген чемпиондарды тәрбиелеген мектептің әлі талай жұлдыздарды жандыратынына кәміл сенеміз.

 

Айта кетелік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Ауыл – ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту болып табылады. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button