Мақала

Бүркіт туралы қызықты 20 дерек

Бүркіт – еркіндік пен бостандықтың, азаттық пен айбындылықтың, қайсарлық пен батылдықтың, өрлік пен ерліктің символы саналатын қасиетті құс. Ата-бабамыз оны ежелден киелі санап, серігі еткен.

Бүркіт туралы көп біле бермейтін 20 дерек:

 

1. Қанаттарын созғанда 2,5 метрге жетеді.

2. Қырандар ішінде ең күшті, ірі, дене бітімі мығым және жылдам ұшатын құс.

3. Әлкей Марғұланның еңбектерінен бүркіт жайлы қазақ тілінде 1,5 мыңдай ұғым бар екендігін байқауға болады.

4. Күніне шамамен 1,5 келі жемтік жейді.

5. 1 айдан астам уақытқа дейін тамақ жемей, аш жүре алады.

6. Шеңгелімен 5 кг жемтікті көтереді.

7. Қатты дауыл соққанда да ұша береді.

8. Аққулар секілді адал келеді. Өмірде тек бір рет қана жұптасады.

9. Шәулі мен ұрғашы бір-біріне өнерін көрсетіп, аспанда ерекше көрініс қойып, би ұйымдастырады.

10. Қаңқасының салмағы қауырсынынан 2 есе жеңіл.

11. Еркіндікте 20-30 жыл, хайуанаттар бағында 50 жылға дейін өмір сүреді.

12. Деректерге сүйенсек, Қазақстанда 2 мыңға жуық бүркіт бар.

13. Маймыл мен ешкіні өлтіріп, ұясына алып кетуге қауқары жетеді.

14. Бүркіттің ұрғашысы еркегінен үлкен болады.

15. Көру мүшесінің дамып кеткендігі соншалық, 3 км қашықтықта тұрған қоянды байқап қояды.

16. Тарихта Жошы ханның 3 мың бүркітшісі болған деген дерек бар.

17. Бүркіт қаза болғанда денесін ақ шүберекке орап, тау-тас жақпарына, құс ұясына жақын жерге жерлейді.

18. Ел ішінде бүркіт бір сілкінгенде отбасындағы бір пәле кетеді деген наным-сенім бар.

19. Қыран құстың алдынан қыз-келіншектер мен бозбалаларды өткізбейді.

20. Ертеде адамдар бүркіттің көмегімен көптеген ауру-сырқауды емдеген. Сондай-ақ түркітектес халық арасында қасиетті құс шын-шайтаннан қорғайды деген наным қалыптасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button