Жаңалық

Сайын Шапағатов атындағы мұражай ашылды

Алаштың біртуар ұлы, қоғам қайраткері Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың 80 жылдығына орай, еске алу шарасы Түпқараған ауданында атап өтілді.

Бұл туралы Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі Ғабиден Нұржаубай мәлім етті.

Сайын Шапағатовқа арналып салынған бюсттің биіктігі – 2,8 метр, ені – 60см.

«Сайын Шапағатов есімі берілген мектеп-гимназия ішінен жаңа мұражайы ашылды. Мұнда Сайын ағаның шапаны, аяқ киімі, марапаттары қойылды. 

Сондай-ақ, жұмыс барысындағы фотолары, жеке құжаттары және қолданған заттары отбасылық архивтен алынып жасақталды.

Шарада оның өмірі мен елеулі еңбек жолына арналған «Сайын даланың сайыпқыраны» атты қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық жаңа журналдың тұсаукесері өтті. Бұл Қ. Баймағанбетова басшылық ететін Сайын Шапағатов қорының демеушілігі арқылы 500 данамен «Арыс» баспасынан жарық көріп отыр», – деді Ғабиден Нұржаубай.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button