Жаңалық

«ТҰЛҒА 2020» сыйлығы табысталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жезқазған қаласында «Тұлға» сыйлығын тапсыру салтанаты өтті.

Бұл мәртебесі зор іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық және Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойларына арналды. Тағылымы терең салтанатты жиынды халыққа қалтқысыз қызмет етудің тамаша үлгісін көрсетіп жүрген Арқа даласының Атымтай азаматы, халық қалаулысы Алтынбеков Бекзат Қомарұлы ұйымдастырды.

Басты мақсат – бүгінгі заманның тұлғасын анықтап, оны көзі тірісінде құрмет биігіне шығарып, имиджін көтеру, жаңа белестерге ынталандыру әрі шабыттандыру. «Тұлға» сыйлығы осынау бір дархандықтың тағы да бір даңғыл жолы іспеттес. Бұл сыйлық – Тәуелсіз Қазақстан қоғамындағы өнер мен мәдениеттің шамшырағын жағып, білім мен ақпарат саласының басы қасында жүрген кәсіби һәм талантты жандарға табысталады.

«Тұлға 2020» сыйлығының иегерлері:

Әдебиет саласы бойынша Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, адуынды ақын Серік Ақсұңқарлы, өнер саласында қазақтың «Қыз-Жібегі» Меруерт Өтекешова алды.
Білім беру саласында ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері Шағангүл Алдамжарқызы үздік атанса, ақпарат саласында Сәуле Мешітбайқызы бәйгелі болды. Ал, «Ұлт тұтастығы мен ел бірлігіне қосқан үлесі үшін» «Тұлға» сыйлығы Нәзипа Ыдырысқызына табысталды.

Өнер, мәдениет саласы бойынша:

«Кеңес Нұрланов атындағы сыйлық» – Қайсанов Мейрам Иебекұлы.
«Қоныспек Бегайдаров атындағы сыйлық» – Чукеев Азамат Төлегетайұлы.
«Досжан Жанботаев атындағы сыйлық» – Есендосов Ербол Мағзұмұлы.
«Қайрат Кемалов атындағы сыйлық» – Есей Наурызбай.
«Серік Бұлғақбаев атындағы сыйлық» – Джарқынбеков Ардақ Мейірбекұлы.
«Райхан Ибраева атындағы сыйлық» – Байдалина Қарлығаш Жәнібекқызы.
«Жанат Хаджиев атындағы сыйлық» –  Ибраев Бақытжан Қалижанұлы.

Білім саласы бойынша:

«Шабал Бейсенбекқызы атындағы сыйлық» – Тукбаева Айман Бекболатовна.
«Нүрия Жұмажанова атындағы сыйлық» –Төлекова Сапура Сейдуаліқызы.
«Қабден Шыңғысов атындағы сыйлық» – Дүбірбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы.

 Әдебиет саласы бойынша:

«Сайлаухан Нәкенов атындағы сыйлық» – Қайырбек Сәдуәқасов.
«Баубек Бұлқышев атындағы сыйлық» – Мұқаш Сейтқазинов.
«Аппаз Қаражігітов атындағы сыйлық» – Танакөз Толқынқызы.

Ақпарат саласы бойынша:

«Камал Смайлов атындағы сыйлық» – Баяндинов Бакал Қайроллаұлы.
«Сәбит Байдалин атындағы сыйлық» – «SARYARQA» телеарнасы.
«Зулпа Супьяновна атындағы сыйлық»  – Алпанбаева Эльвира Кадиржановна.
«Мұқан Иманжанов атындағы сыйлық» – Мұқан Дархан Қабылдашұлы.

Мемлекеттік қызмет бағыты бойынша:

ҚХА 25 жылдығына орай «Достық» сыйлығы –  Рымбекова Гульфайруз Серікқызы.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласының 80 жылдығына  арнайы сыйлық – Марал Карибаевнаға табысталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button