Жаңалық

67 колледждің оқу-өндірістік базасы жаңартылды

Жыл соңына дейін тағы да 13 колледжге қажетті жаңа техника жеткізілмек.

Бұл «Жас маман» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Сұранысқа ие негізгі 100 мамандық бойынша студенттерді оқыту мақсатында еліміздегі 180 колледждің оқу-өндірістік базасы жаңартылады.

Бұл – еліміз үшін маңызды жоба. Оның міндеті – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын модернизациялау, техникалық жабдықтарды және оқу бағдарламаларын жаңарту.

Жұмыс берушілердің ұсыныстарын және еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, сатып алу қажет деп танылған жабдықтар тізімі жасалды.

Техникалық жабдықтарды сатып алу мен жеткізу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ өкілдері, депутаттар мен сарапшылар тарапынан мониторинг жүргізіліп жатыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button