Жаңалық

Coursera платформасы туралы не білесіз?

8,6 мыңнан астам қазақстандық Coursera платформасында онлайн оқудан өтуге өтініш берген.

Қазірдің өзінде 8,6 мың қазақстандық қазіргі заманның ең талап етілетін дағдыларын меңгеру үшін Coursera онлайн-білім беру алаңындағы тегін курстарда оқу мүмкіндігін пайдаланды. Бүгінгі таңда тіркелген қатысушылар 10 мыңнан астам сабақты өтті.

Оқытудың ең танымал бағыттары ағылшын тілін (бизнес-ағылшын, ағылшын тілін оқыту технологиялары, жазбаша дағдылар), IT-технологияларды (Python, бағдарламалау негіздері, Adobe Photoshop, HTML және CCS негіздері), кәсіпкерлік дағдыларды оқу (өмір ісін іздеу, өз қаражатына бизнес, компания қаржысы), сондай-ақ SMM құралдарын, фотосуреттерді зерттеу, адами ресурстарды басқару және т.б. болды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның Coursera жаппай онлайн-білім берудің жетекші алаңының өкілдерімен уағдаластығы аясында, соңғысы қазақстандықтарға әлемнің жетекші университеттері мен компанияларынан тегін негізде 4 мыңнан астам түрлі курстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Оқудан өту үшін 31 қазанға дейін Электрондық еңбек биржасы арқылы өтінім беру (https://www.enbek.kz/ru/free-coursera) және платформада тіркелуді растау керек (www.coursera.org).

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button