Жаңалық

Шымкенттік оқушы денсаулыққа пайдалы шашбау ойлап тапты

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Мусаева Әсел Абдуджалилқызы омыртқа қисаюының алдын алатын шашбау ойлап тапты.

Әсел шашбаудың қолдану құрылымын зерттеп, бұл табысты жұмысы үшін авторлық құқық алды.

Ғылыми жобаға ұстазы Дуйсенбиева Жанна Алтынбекқызы жетекшілік еткен.

Авторы зерттеу жұмыстарына қазақ сұлуларының әдемі мүсініне ықпал еткен, мезгілсіз әжімдердің пайда болуына жол бермейтін және қан айналымын жақсартатын «шашбау» мен «шолпы» секілді ұлттық әшекейлерімізді негізге алған.

Әсел пайдалануына қарай қауіпсіз, қолжетімді және қолайлы болатындай, артық бөлшектерді алып тастап, заман талабына сай өнімді жаңартқан.

Зияткерлік мектебінің шәкірті шашбау мойын-омыртқа бұзылуларының алдын алуға көмектеседі дейді. Сондай-ақ, вегето-тамыр ауруларының санын азайтуға септігін тигізетіні тағы бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button