Жаңалық

«Алашордашыларға тағзым» ескерткіші бой көтерді

Нүкен Бейсенғазы есімді қазақстандық азамат өз қаржысымен, өз күшімен «Алаш» ұлы партиясының 100 жылдығына орай ескерткіш орнатты.

Монумент Алматы қаласының маңындағы Тұздыбастау ауылында тұрғызылған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен ғасырдың басында қазақ халқының ұлт-азаттық күресі кезеңінде «Алаш» қозғалысы пайда болды. Оның басты мақсаты Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру еді.

«Бұрын бұл орында М.И.Калининге (1875-1960) орнатылған ескерткіш тұрған. Ауыл тұрғындарымен ақылдаса келе, осы ескерткішті алып тастау туралы шешім қабылданды. Әкімдік рұқсат етті. Аталған ескерткіштің орнына Алашордалықтарға арналған ескерткіштің тұруы тарихи әділдік орнатты деп білемін. Алашордашыларға арналған бұл ескерткіштің маңы абаттандырылған соң ашылу салтанатын өткізу жоспарымызда бар», – дейді Нүкен Бейсенғазы.

Айта кетелік, ескерткіш құны – 4 200 000 тг.

Есімдері көп атала бермейтін Алаштықтар туралы төмендегі бейнематериалдардан біле аласыздар.

 

«Алаштың» алғашқы құрбаны 

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button