Жаңалық

Х Қасым Аманжолов оқулары қалай өтті?

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында алғаш рет онлайн форматта «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» атты республикалық дәстүрлі Х Қасым Аманжолов оқулары өтті.

Сайысқа Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарынан 30-дан астам үміткер қатысты.

Байқауда Қасым ақынның 84 өлеңін еш мүдірмей, қатесіз жатқа айтып берген, Теміртаулық Оразалиева Ақзия бас жүлдені иеленді.

Жүзден жүйрік шыққандар арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button