Жаңалық

Тұрғын үй қабырғасында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың муралы пайда болды

Үй қабырғасындағы мурал жемқорлыққа қарсы тақырыпта болмақ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Назымбек Бекжанов мәлім етті.

– Ақсу қаласында Әуезов көшесі, 36 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің қабырғасында өңірімізден шыққан белгілі тұлға, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың суреті мен айтқан сөзі салынуда. Муралда ақынның «Ел үшін адал еңбек етсең – халқыңа сүйкімді боласың» деген сөзі жазылады, – деді Назымбек Бекжанов.

Назымбек Бекжановтың айтуынша, муралды суретшілер еріктілер ретінде өздері тегін салуда. Қажетті бояулар демеушілер қаржысына алынады.

– Облысымыздың 3 қаласында осындай мурал салу жоспарланған. Сыбайлас жемқорлық қарсы принциптер мен мәдениет қалыптастыру мақсатында осындай муралдар салынуда. Онда тарихи тұлғалардың суреті мен жемқорлыққа қарсы тақырыпқа байланысты айтқан сөздері бейнеленеді, – деді Назымбек Бекжанов.

Муралдар салынатын үйлер қала әкімдігімен және сәулет бөлімдерімен келісіледі. Тұрғын үйлер қала орталықтарынан және адамдар көзі көп шалатындай биік үйлер таңдалады.

Еске салайық, бұған дейін мұндай мурал Павлодар қаласында Сәтбаев көшесіндегі үйлердің бірінде  салынған болатын.

Басқа материалдар

Back to top button