Жаңалық

«IQ DODA» зияткерлік ойынының іріктеу кезеңі өтті

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы облысы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі 2020 жылғы қыркүйек және қазан айы аралығында халықты Елбасы идеяларының айналасына біріктіру, қазіргі заманның жаңа шарттарына сәйкес зияткерлікті дамыту, Алматы облысы тұрғындарының зияткерлік деңгейін арттыруға жәрдемдесу мақсатында Алматы облысының 17 аудан, 3 қаласы бойынша «IQ DODA» зияткерлік ойынының іріктеу кезеңдерін ұйымдастырды.

Зияткерлік ойын қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. «IQ ДОДА» ойынындағы сұрақтар дүниетаным, логика, тапқырлық және т.б. қатысты алынды.Ойын 7 бөлімнен тұрады:

1-бөлім – Жалпы сипаттағы мәтіндік сұрақтар (терминді, оқиғаны, құбылысты, процесті болжау, басқа тілдерден бір нәрсені аудару, дәйексөзді жалғастыру, фактіні толықтыру, бірнеше фактілер бойынша не туралы сөйлесетінін болжау және т. б.);

2-бөлім – Шын немесе өтірік (әлемдегі тарихи оқиғалар бойынша жалпы сұрақтар);

3-бөлім – Музыкалық сұрақтар (дыбыс үзіндісі бойынша орындаушыны немесе композиторды табу керек); суреттерге байланысты сұрақтар (кім немесе не бейнеленген, кадр қайдан және т. б.);

4- бөлім – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша сұрақтар;

5- бөлім – Команда капитандарына арналған сұрақтар (әр түрлі жанрдағы 6 сұрақ экранда бар болғаны 15 секундта пайда болады. Егер капитан өзі ғана жауап берсе, онда команда 2 ұпай алады, егер командамен бірлесіп жауап берсе, 1 ұпай алады);

6-бөлім – Қазақстан тарихы тақырыбы бойынша викторина (экранда жауаптың 4 нұсқасы беріліп, олардың біреуі ғана дұрыс болатын сұрақ көрсетіледі);

7-бөлім – 2 ұпайдан үлестіретін 6 күрделі сұрақ. Сұрақтар үлкен экранда 30-60 секундта көрсетіледі, жүргізуші оқиды. Барлық жеті сұрағын жариялағаннан кейін, олар ретімен және кідіріссіз тез оқылады, содан кейін 100 секундтық кері санау санағы басталады. Сол уақыт ішінде ойланып, жауаптарын параққа жазып үлгеру керек. 100 секунд өткеннен кейін жауаптары бар парақшалар тапсырылады.

Алматы облысының барлық аудан, қалалары бойынша 600-ден астам адам қатысты. Әр аудан, қаладан мықты деген 1 команда ғана алға шығып, жартылай финалға жолдама алып отырды. 

Алматы облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button