Жаңалық

Кәсіпкерлер елге қалай көмектесе алады?

Шетпедегі «Сегізбай Ата» сауда орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін арзан бағада сататын дүкен ашылды.

Облыстық «Каспий» ӘКҚ қолдауымен жеке кәсіпкер Мұхтар Қармысов ашқан дүкенде секер, күріш, сүт, сұйық май, тұз секілді халық бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік түрлері қолжетімді бағамен сатылып жатыр.

Сондай-ақ мұнда көтерме сауда болмайды. Тек қарапайым халыққа қажеттілігіне қарай сатылады. Бұл бағаның өспеуіне септігін тигізеді дейді, жауаптылар.

«Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қолдауына ризамыз. Біз бұған дейін де аудан халқына қолжетімді бағада азық-түлік сатып келдік. Енді одан сайын дамытып жатырмыз. Бұл халық үшін үлкен көмек деп ойлаймын. Кәсіпкердің жобасын қолдау арқылы елге жағдай жасап жатқан басшылықтағы азаматтарға алғыс айтамыз», – дейді жеке кәсіпкер М.Қармысов

Айта кетейік, індет өршіген тұста ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы тұрақты және қоры жеткілікті болды. Оған осындай бірлескен жобалардың септігі тиді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button