Жаңалық

Саябақтарда тегін Wi-Fi орнатылды

Түркістан облысы Арыс қаласы тұрғындарының енді кез-келген уақытта ғаламторды тегін пайдалануына мүмкіндігі бар. Себебі, қаладағы төрт Дендросаябақ», «Батырлар аллеясы», «Арбат», «Жастар» саябағында тегін Wi-Fi орнатылды

Жүйе 20 Мбит/с жылдамдықта жұмыс істейді. Лимитсіз желіні орнату жұмыстарын «Транстелеком» компаниясы жүргізген.

Аталған жоба облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер  басқармасы мен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Саябақтарға серуендеуге барған тұрғындар арақашықтықты сақтап, бетперде тағуды ұмытпау қажет. Сонымен қатар, тегін Wi-Fi желісін пайдалану кезінде жастардың тәрбиесіне кері әсер ететін сайттарға да кіруіне шектеулер қойылған.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button