Жаңалық

Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлер саны артып келеді. Бұл іспен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау да бар.

Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлер саны артып келеді. Бұл іспен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау да бар. Нақтырақ айтқанда, балыққа берілетін жемнің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады. 2.jpg Түлкібас ауданына қарасты Балықты ауылдық округінің «Сансызбай» шаруа қожалығы дәл осы кәсіп түріне қызығушылақ танытқан. Кәсіпкер жасанды көлшіктерді дайындаған. Жуық арада Сайрам ауданының «Нұрша Темир» ЖШС-нен 10 мың дана сазан балығының шабақтарын сатып алуды жоспарлап отыр. 4.jpg Жалпы бүгінгі таңда Түлкібас ауданының аумағында 4 шаруашылық балық өсіру ісін қолға алған. Атап айтқанда, Түлкібас ауданындағы Арыс ауылдық округіне қарасты «First Fish Company» ЖШС-і – бекіре, фарель және карп балықтарын өсірумен айналысса, Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Нұран құрылыс» ЖШС-і, Келтемашат ауылдық округіне қарасты «Болат» ШҚ-ы және Жаскешу ауылдық округіне қарасты ЖК «Кадыркулов Н» балықтың сазан түрлерін өсірумен айналысуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов промоушен тарихында қатарынан үш титулды жекпе-жекте жеңіске жеткен бірінші файтер болып отыр, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық Джастин Гэтжимен айқаста ресейлік спортшы белбеуін үшінші рет қорғады. Мұның алдындағы екі жекпе-жекте де ол екі салмақта бұрынғы чемпион Конор Мак Грегор мен уақытша чемпион болған Дастин Порьені жеңген еді.

Еске салайық, Хабиб UFC 254 турнирінде Гэтжиді тұншықтыру әдісімен жеңді. Ал кездесуден кейін чемпион карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Осылайша Нурмагомедов 29-шы кездесуінде қатарынан жеңіске жеткен болатын.

Tengrinews.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button