Жаңалық

Күніне 17 сағат жұмыс істейтін кім?

Таңғы сағат 4:30. Нұр-сұлтан қаласының №1 автобус паркінде қызу жұмыс басталды.

Қоғамдық көлік жүргізушілері барлық тексерістен өтіп, сағат 5-те жұмыстарына кіріседі.

Жұмысы автобусты тексеріп, ішінде тазалық жұмыстарын жүргізумен басталады.

Бүгінгі еңбек адамы – Мадияр Әбдіқожаев. 8 жылдан бері осы автобус паркінде жұмыс істейді. «Жылдың үздік жүргізушісі» атанған жауапты маман.

«Елордамыздың әр көшесі, әр ғимаратының соғылған уақытын білемін. Менің жүргізушілік жолым осы қаламен бірге өсіп келеді», – дейді Мадияр

Ерте тұрған еркектің ырысы артық. Қоғамдық көлік жүргізуде 13 жылдық тәжірибесі бар маман, студент кезінде оқу ақысын да автобус арқылы тапқанын қуана есіне алады.

Алғашқы аялдамаға 6:10- да жетіп, түнгі 23:22- де автобус паркіне қайтады. Жұмыс күнделікті 16-17 сағатқа созылады.

Жолдағы жұмыстың өз қиындықтары да жетерлік. Дегенмен, ердің сыбағасы – адал еңбек

Еңбек адамының мерейі үстем, мәртебесі биік болсын!

Басқа материалдар

Back to top button