Жаңалық

«Ұлт үні» байқауы басталды

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында түрлі ұлт өкілдері арасында «Ұлт үні байқауына іріктеу өтуде.

Байқауды қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның қолдауымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырып отыр.

«Қазақтану» жобасы аясындағы шара 27-29 қазан аралығында өтеді.

«Байқау екі кезең, 4 бағыттан тұрады. Үміткерлер көрсетілген жанрлар бойынша бақ сынайды. Мемлекеттік тілде өтетін жобаға қатысушыларға жас шектеуі жоқ. Мұнан әрі қарай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында жалғасын табады. Қатысушылардың барлығы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жүлделі орындармен, номинациялармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады», – дейді ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Қоғамдық келісім мекемесінің бөлім басшысы Азиза Иасева.

Бүгінгі байқауға іріктеу Абай ауданы бойынша саз колледжінде өтіп жатыр. Этнос өкілдері мемлекеттік тілде қазақтың жыршы-жырауларының, айтыс ақындарының, ұлы тұлғалар Әбу Насыр Әл-Фараби, Абайдың еңбектерінен, қазақ композиторлары мен Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын насихаттап, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымызды, халық ауыз әдебиетімізді паш етіп, сынға түспек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button