Мақала

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы қашан табысталады?

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы осы жылдың қараша айында табысталады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы соңғы 20 жылдан бері беріліп келеді. Биылғы жылы бұл сыйлыққа өтінім көктемнен бастап қабылдана бастаған еді. Қабылдау 2020 жылдың тамыз айында аяқталды. Жаңа ғана осы сыйлықтың комиссиясының отырысы болып өтті. Үкімет қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес «Дарын» сыйлығы 10 номинация бойынша беріледі», – деді Асхат Оралов онлайн режимде «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Жастар және инновациялар» форумында.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тапсыру салтанаты осы жылдың қараша айында – Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button