Жаңалық

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өткізілді

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы онлайн форматта өткізілді.

Отырыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын 2020 жылы іске асыру нәтижелері және алдағы жұмыстың жаңа басым бағыттары қарастырылды.

2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында процестен нәтиженің үстем болу міндеті қойылды. Бұл қоғамдық сананы жаңғыртудың үдемелі прогресіне барлық назарды салуға мүмкіндік береді.

Осыған орай, 2020 жылдың басынан «Рухани жаңғыру» өзгерістер елшілерінің пулын іріктеу және дайындау бойынша, қоғамдық сананы жаңғыртуда маңызды месседждерді трансляциялайтын, Қазақстанның рухани жаңғыруының трендтері мен бағдарларын белгілейтін, осы модельді өңірлерде одан әрі ұйымдастыру үшін «Өзгерістердің саруарлары» жобасы іске асырылуда.

Жобаны жүзеге асырудың негізгі құралы – әлеуметтік жобалар Акселераторының (бұдан әрі – Акселератор) жұмысы болып саналады. Акселератордың мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаттары бойынша жобалар портфелін қалыптастыру.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button