Мақала

«Үнем – қоғам қуаты» арнайы жобасы іске қосылды

«Үнем – қоғам қуаты» арнайы жобасы іске қосылды

Бағдарлама аясында қолда бар мүмкіндікті дұрыс пайдалануды көздейтін прагматикалық өмір салтын қазақстандықтардың құндылық бағдарлары жүйесіне енгізу үшін «Үнем – қоғам қуаты» арнайы жобасы іске қосылды.

Жоба шеңберінде келесі бағыттар қарастырылған:

– қаржылық сауаттылықты арттыру;

– selfmade/өзін-өзі жетілдіру (көшбасшылық, жоспарлау дағдылары, уақытты ұйымдастыру, ресурстарды бөлу, жобалау тәсілдері);

– дұрыс мінез-құлық нормаларын қалыптастыру (салауатты өмір салтын ұстану, эстетикалық талғамға баулу);

– цифрлық және медиа-сауаттылықты дамыту.

Бүгінгі таңда, әсіресе қоғамның экологиялық сауаттылық деңгейін көтеру өте өзекті тақырып болып отыр. Соңғы кездері қоғам наразылығын тудырып, сынға ұшыраған атышулы оқиғалар (итбалықтарға, иттерге және басқа да жануарларға қатысты қатыгез әрекеттер, Көбейтұз көлін ластау, сирек кездесетін лотустарды жұлу) экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін қайта қарауды талап етеді.

Бұл тұрғыда, қоғам белсенділері көшедегі қаңғыбас жануарларды жою – балалардың үй жануарларына деген қатыгездігін қалыптастыруы мүмкін деген ұстанымда. Осыған орай, бұл шарадан ел аумағында бас тартуға шақырады. Оның орнына, оқушыларды жануарларға арналған панажайларға тұрақты түрде апару, үйсіз жануарларды панажайдан асырап алу насихатын жүргізуді ұсынады.

Сондай-ақ, жастардың бойында өнімді еңбек мәдениетін, сапалы білім беруді, кәсіптік бағдарлауды және жаңа экологиялық этиканы дамыту жөніндегі іс-шараларды қамтитын кешенді жұмыс жоспарланған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button