Жаңалық

Лашын – құстың жендеті

Халық «Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі» деген аталы сөзді тегін айтпаса керек-ті. «Туған жер» айдарының кезекті санынан ұшқыр, жыртқыш құс – лашын туралы оқып, біле аласыздар.

«Лашын» құс туралы не білеміз?

1. Лашын Іле алқабының төменгі ағысында, Ертіс пен Есіл өзендерінің алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңында, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының жанында кездеседі;

2. Ірі сұңқарлардың өкілі – лашынның салмағы 500-1000 г, денесінің ұзындығы – 40-50 см, қанатының құлашы – 113 см, қанаттары жайылғандағы ұзындығы – 90-100 см;

nature-bird-prairie-animal-wildlife-beak-hawk-feather-fauna-raptor-plumage-bird-of-prey-wild-animal-vertebrate-bill-falcon-access-harrier-animal-world-wildlife-photography-prey-buzzard-wildpark-poing-accipitriformes.jpg

3. Көзінің қарашағы қара, ал айналасы сары түсті;

4. Көзінің астында ұзын, қара түсті «мұртша» (қауырсын) болады;

5. Лашынның аяқтары қысқа және тырнақтары майысқан, өткір болып келеді;

6. Жыртқыш құстың денесінің көлемі жұдырықтай ғана болғанымен, тұмсығы жолбарыстың қанатындай, құйрықтары сауысқандай ұзынша, тұяқтарының ұшы егелген біздей өткір келеді. Бір сөзбен айтқанда, «жұдырықтай, қайықтай, жолбарыс тырнағындай, біздей, сауысқандай» сынды бірнеше атаулар лашынға тән;

7. Лашын қатты екпін алып құсқа шүйілгенде секундына 100 метрге дейінгі жылдамдықпен ұша алады. Жалпы сағатына 300 км шапшаңдықпен ұшады;

8. Жерге өте сирек қонады. Сондай-ақ көбіне биік жартастарда, ағаш басында немесе үй үстінде дем алады;

9. Жемтігін ұшып жүріп аулайды. Басты қорегі – торғай, қарға, кептер, шіл, кекілік, үйрек, қаз

10. Үнемі саятшылықпен айналысатын жыртқыш құсқа тек құс кербезі – дуадақ ғана алдырмайды. Ол ешқашан дуадақтың маңына жақындамайды;

11. Жазушы Сәбит Мұқанов «Лашын» атты әңгімесінде биікке самғап ұшатын құсты ерекше суреттейді;

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button