Жаңалық

Өткен демалыс күндері «Астана Балет» театрында қос премьера өтті.

Өткен демалыс күндері «Астана Балет» театрында қос премьера өтті. Екі күн бойы – 30 және 31 қазанда қазіргі заман хореографтары Рикардо Амаранте мен Дэвид Джонатанның екі жаңа спектаклі көрсетілді. Премьераның екі күніне де билеттер алдын-ала сатылып, һас өнерге сусап қалған астаналық көрермен әртістерге қошеметі мен зор ықыласын білдірді. Кеш шымылдығын Рикардо Амарантенің «Longing» («Құштарлық») бір актілі балеті ашты. Көрермен назарына адамдардың қарым-қатынасы жайлы ой толғайтын балеттің әлемдік премьерасы ұсынылды; бұл әлімсақтан мазалап жатқан сұрақтардың жауабын заманауи хореография тілінің көмегімен іздеу талпынысы: шын мәнінде, махаббаттан не қалаймыз, неліктен адамдар жан емес, тәнге әуес? Ұзақ үзілістен кейін көрермен қауым Фархад Бөриева, Айжан Мұқатова, Сүндет Сұлтанов, Илья Манаенков және «Астана Балет» театрының өзге де солисттерін өз көзімен көре алды. «Рикардоның стилін біз толық меңгеріп алдық: оның балеттерін қалай билеу керегін дене-бітіміміз ұмытқан жоқ, сол себепті, хореографияның өзі қиынға соқпады. Репетиция жыл басында өтіп, көктемде премьерасы өтуі тиіс еді, бірақ, карантин жарияланғандықтан, премьера күні шегерілді. Сахнаға қайта оралып, көрерменді көру, оның энергетикасын сезіну ерекше қуаныш сыйлайды. Менің ойымша, осы премьералардан кейін әртістердің бәрі бақытқа бөленген шығар», - деген ойымен бөлісті Фархад Бөриев. Рикардо Амарантенің айтуынша, өзге туындыларындағыдай, осы қойылымның да көркемдік безендірілуінде минимализм басым. Жарықты ойната отырып, балетмейстер мен жарық дизайнері Роберт Даутов сахнадағы әрекетті тамашалап отырған көрерменді түс көргендей әсерде қалдырды. Instinct (1) (1).jpg «Мұндайда сахнадағы әрекет айқын көрінбейді, қара түнек жарқ еткен сәулемен бір сәтке ашылады. Осы атмосфераны сахнада жарық, түтін мен экран арқылы беруге тырыстық», - дейді хореограф. Костюм суретшісінің айтуынша, балеттегі әр бейне көмек көрсетіп, жол сілтейтін секілді. «Ақ түс – сахнадағы әрекеттің түс екенін меңзейді. Мұнда оған періште бейнесіндегі мінсіз тұлға елестейді; қара түс шынайы өмірді білдіреді, ал, үшінші бөлімде, әртістер адам тәні түстес киім киіп шығып, жалаңаш тұрғандай әсер қалдырғанда, бұл - материалдық әлемнен ада адам жанының аллегориясы. Бұл бөлімде адамдар жандармен кездеседі», - дейді Паула Роза Сантана. «Longing», шақырылған хореограф Рикардо Амарантенің «Астана Балет» театрына арнап қойған оныншы балеті. Осы туындысымен балетмейстер елордалық театрдағы жұмысын тәмамдайды. Екінші бөлімде көрермен назарына «Instinct» («Инстинкт») бір актілі балеті ұсынылды. Астаналық көрермен «Астана Балет» театрының жетекші солисті Дэвид Джонатанның қоюшы-хореограф ретіндегі еңбегімен алғаш танысты. «Маған осыншалықты сенім артқаны мен үшін зор мәртебе. Бұл театрдың әртістері ғаламат. Олар менің стилімді, қимылдарымды жылдам үйренді. Бұған алғысым шексіз, себебі, дайындалуға уақытымыз өте аз еді», - дейді хореограф. Осы абстракциялы балетте хореограф жақын адамыңнан жырақта қалу тақырыбын қозғайды. Қазіргі пандемия мен шекараның жабылған тұсында бұл өте өзекті тақырыпқа айналды. Мұнда музыка мен пластика тұтаса отырып, кездесуге асық жандардың ішкі күйінішін суреттейді. Instinct (2).jpg «Балетте мен бірнеше композитордың музыкасын қолдандым. Солардың бірі Жак Лусье – Бах пен джаз әуендерінен микс жасаған. Оның музыкасын алғаш естігенде-ақ, осы сазға балет қоямын деп шештім. Мұнда заманауи әуез басым. Кейде барабан ойнап, кейін, сезімтал джаз әуені әуелейді», - дейді хореограф Дэвид Джонатан. Көрермен қауым орындаушылардың мінсіз техникасын, балеттердің музыкалық шешімін, терең ойластырылған детальдарға, костюмдер және жарықпен безендіруге ерекше назар аударды. «Екі қойылым да ерекше, күйге бөлеп, ұмытылмас әсер қалдырды. Мен музыкаға тәнті болдым, жарықты ойнатқандары ғажап. Сахнадағы көрініс ерекше болды. Хореография өте ғаламат, мұнда алай-дүлей сезім, құштарлық пен эмоцияның ширығуын түйсіндік»- деген ойымен бөлісті Айша Төлебергенова есімді көрермен. Айта кетейік, 6 және 7 қарашада «Астана Балет» театрының сахнасында тағы бір премьера өтеді. Хореограф Анвара Садықова қойған «Желтораңғы туралы аңыз» бір актілі балетінде адамдардың табиғатқа қол сұғуы жайлы тақырып көтеріледі. Осы күні мұның салдарының кеселді зардабын сезініп келеміз.

Алматыда «Назарбаев моделі» – ХХІ ғасырдың талаптарына стратегиялық жауап» атты жас ғалымдардың халықаралық онлайн-форумы өтті.

Бес күнге созылған ғылыми платформаны Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес ұйымдастырды.

Қашықтан өткізу форматында ұйымдастырылған форумға 7 000  астам жас ғалымдар қатысты, 16 елдің – Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Венгрия, Германия, Канада, Малайзия, Ресей, Сингапур, АҚШ, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Оңтүстік Корея және Жапониядан 120 ғалым баяндама жасады.

Пленарлық отырыспен ашылған іс-шарада Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері форумға қатысушылардың атына құттықтау сөз сөйледі.

Форумның мақсаты – Елбасының егемен мемлекеттің қалыптасуына қосқан үлесін ұғыну және сәтті жұмыс істеп келе жатқан «Назарбаев моделінің» негізінде жас ғалымдардың мемлекеттік органдардың өкілдері үшін пандемиядан кейінгі кезеңде неғұрлым құнды ұсынымдар әзірлеу екенін атап өткен жөн.

2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-сессиясында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемде орын алуы мүмкін сын-қатерлерді атап өтті. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің айтуынша, бұл проблемаларға жауап ретінде Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы жоспарды қолдануға болады. Уақыт көрсетіп отырғандай, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ұсынысы бүгінде үлкен сұранысқа ие – әлемнің үздік ғалымдары  қалыптасқан жағдайдан шығудың жолдарын іздеуде, – деді ғылыми слёт барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Атқарушы Директорының Орынбасары, Қазақстан Республикасынан Еуропа Кеңесінің Венециялық Комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов. 

Іс-шара шеңберінде «Covid-19: құқықтық мәселелер», «Инновациялар және кәсіпкерлік: Сovid-19 шынайылығындағы өзгерістер моделі», «XXI ғасырдың Агроөнеркәсіптік кешені: ғылым және инновациялар», «COVID-19 жұқтырған пациенттерді басқару мәселелері: диагностикалық, клиникалық және басқа да аспектілер», «Қазіргі заманның күтпеген сын-қатерлері: қоғам мен денсаулық сақтау жүйесінің пандемияға байланысты өзгерістерге салдары мен реакциясы», «ХХІ ғасырдағы Қазақстан Еуразиялық кеңістікте» тақырыптарында алты ғылыми секция табысты өтті.

Бұдан басқа, ТМД елдерінің жас ғалымдар кеңесі төрағаларының қатысуымен «Пандемия кезеңіндегі цифрландыру: жаңа сын-қатерлер мен үрдістер» және «Жаңа жағдайдағы ғылыми ынтымақтастықтың перспективалары» атты ғылыми отырыстар өтті.

Форумға қатысушылар іс-шараға дайындықтың және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ғалымдарды қолдау саласында жүргізіп жатқан жұмысының жоғары деңгейін, ең дарындыларды көтермелеп және олар үшін осындай беделді алаңдар құрғанын атап өтті.

Біздің елдер бетпе-бет кездескен заманауи сын-қатерлер ғылымды дамытпайынша, жастардың қолдауынсыз, проблемаларға табысты қарсы тұру туралы айту мүмкін еместігін көрсетеді. Сонымен бірге, ұлттық ғылыми мектептерді дамыту мемлекеттерді одан әрі дамыту үшін, әсіресе пандемиядан кейінгі кезеңде аса маңызды басымдық болып табылады. Ғылым ерекше назар аударуды қажет етеді, ал жас ғалымдарды қолдау, әрине, таланттарды анықтауды, оларды қолдау жүйесін дамытуды және ең бастысы олардың идеяларын жүзеге асыруды талап етеді. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жастар ғылымы мен ғылымының жалпы дамуы мүмкін екенін дәлелдеді және тиімді жұмыс істейтін құралдардың арқасында бүгінде көріп отырған жемісті жұмыстың үлгісі болып табылады, – деді Беларусь Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, Минск қаласынан жетінші шақырылған Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Республика кеңесінің мүшесі, химия ғылымдарының докторы Андрей Иванец. 

Форум қарар қабылдаумен аяқталды, онда пікірталас және ғылыми секцияларға қатысушылар жас ғалымдарды қолдауға және Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ғылымын дамытуға бағытталған ұсынымдар пакетін ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылы атап өткендей:  «Интеграцияның ең жетілген саяси және экономикалық инфрақұрылымы, егер ол белсенді тұлғалардың энергиясымен нығайтылмаса, іс-әрекетке қабілетсіз болып қалады. Ол мемлекеттерді мыңдаған күшті жіптермен байланыстырады. Бұл энергияны сақтау және дамыту-біздің басты міндетіміз». Талантты ғылыми жастарды зерттеу жұмыстарына ынталандыруда форумның ерекше рөлін атап өту қажет. Жас ғалымдардың бірігуі, олардың ғылыми салаға бірігуі ұлттық басымдықтарда, адамгершілік құндылықтарда және ұрпақтар сабақтастығында тәрбиеленген жоғары білікті мамандарды даярлаудың негізі болып табылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі Кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы Ермек Тоқтаров. 

Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердя Сабоның мәлімдеуінше, бұл форумда ең бастысы – жас ғалымдардың өз ойларын ортаға салуы үшін және бұл пайымдардың ел дамуының моделін реформалау кезінде ескерілуі үшін платформаны ұсыну.

Форум қорытындысы бойынша электронды форматта ғылыми баяндамалар жинағы жарияланады.

Форумның тең ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Сорбонна-Қазақстан институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) Қазақстан мен Өзбекстандағы өкілдігі, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы офисі, «Атамекен» ҚР ҰКП және бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындары.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button