Жаңалық

Қазақ жігіті ерекше домбыра жасады (видео)

Шет елдегі қандасымыз ерекше домбыра жасаған. Бұл туралы отандық БАҚ беттерінде сан түрлі пікір жазылып жүр.

Домбыраның ерекшелігі оның екі беттілігінде. Яғни домбыраның екі жағы да шанақтан тұрады. Домбырада 4 құлақ бар.

Қазір домбыраның 2-3 данасы ғана шығарылған. Бұл домбыраның авторы – Ерсін Батырханұлы атты азамат.

«Домбыра шертуді әкемнен үйрендім, кейіннен осы қасиетті аспапты жасауды кәсіп ете бастадым. 2 бетті домбыраны ойлағалы 3-4 жыл болды. Соны былтыр жасап шықтым. Көбірек етіп өндіруге қаржы мәселесі қолбайлау болған еді. Енді бұл домбыраның санын молайтып жасауға ауданымыздың әкімі көмектесетінін айтты», – дейді Ерсін Батырханұлы. 

 

 

Ұлттық аспаптың бұл ерекшелігі дыбыстың дұрыс шығуына, үн әуезділігіне аса әсер ете қоймайды.

Айта кетелік, домбырада бет қақпақтың төменгі бөлігі жоқ. Десе де, бұл олқылық дыбыс шығарғыш ойық пен үлкен тиектің орналасуына еш кедергі келтірмеген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button