Жаңалық

Қазақстанда алғаш рет арнайы үш ішекті домбыра үйрету сыныбы ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының өнер мектебі Абай жылына орай Абай шерткен үш ішекті домбыраны осылайша насихаттамақшы. Бұл туралы Ruh.kz порталы Рүстем Нүркенов есімді желі қолданушысына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазіргі таңда өнер мектебіне арнайы қос бұрау домбыралар алынып, шәкірттерінің алғашқы дәрістері де басталып кетіпті.

«Көне Түркі заманынан жетіп, Абай мен Шәкәрім, Мұсахан Әзілханов пен Шәкір Әбенов шерткен үш ішекті домбыраны бізге аманаттап қалдырып кеткен Жарқын аға Шәкәрім еді. Бүкіл ғұмырын осы ұлттық музыкалық аспапқа арнаған ұстазымыздың арманы орындалып жатқандай.

Осы ретте ШҚО Жарма ауданы әкіміне, аудандық білім бөліміне және өнер мектебі директорының міндетін атқарушы Ернат Мотышев сынды азаматтарға өз атымнан рахметімді айтамын.

Күйшілік өнердің туы жығылмасын! Үш ішекті қос бұрау домбыра табан астындағы мүсін ретінде емес, шәкірттердің қолындағы өнер болсын!», – деген Рүстем Нүркенов өз жазбасында.

Күй өнеріне жасалған бұл жанашырлық өзге өңірлерде де жарасын тауып, жалғасарына сенеміз!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button