Жаңалық

Balkan mathematical olympiad. Қазақстандық оқушылардың жеңісі

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада екі күміс және төрт қола медальді жеңіп алды. Бұл туралы Ruh.kz порталы ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстан құрама командасы 37-ші Балқан математикалық олимпиадасына (Balkan mathematical olympiad) қатысты. Румыния елі ұйымдастырған олимпиада 31 қазан мен 5 қараша аралығында қашықтан өтті. Бұл жарысқа әлемнің 18 елінен 154 оқушы қатысып, бақ сынасты. Балқан математикалық олимпиадасына Қазақстан құрама командасында болған 6 оқушы қатысты.

Балқан математикалық олимпиадасы – Еуропа елдерінің оқушыларына арналған халықаралық математикалық жарыс. Қазақстан Олимпиадаға қонақ ел ретінде қатысты.

37-ші Балқан математикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Ұлттық құрама команда екі күміс және төрт қола медальді жеңіп алды:

Олжабаев Асылбек (күміс);

Сатыбалдин Таир (күміс);

Бектемісов Темірлан (қола);

Сакенов Батырхан (қола);

Тен Юрий (қола);

Сам Фетуллах (қола).

Құрама команда мүшелерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button