Жаңалық

«Жас ғалым – 2020» байқауының жеңімпазы анықталды

Жәмилә Ахметова «Бөбек» бірлестігі ұйымдастырған «Жас ғалым – 2020» байқауында гран-при ұтып алды. Бұған дейін Америка құрама штатында тұрған жерлесіміз енді қазақ жерінде өзінің білімін шындасам дейді. Бұл туралы pavlodartv.kz-ке сілтеме жасай отырып Ruh.kz порталы хабарлайды.

«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы республикалық мектеп оқушылары арасында «Жас ғалым – 2020» онлайн байқауын ұйымдастырды. Додада Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей интернатының 8-сынып оқушысы Жәмилә Ахметова бақ сынап, жеңімпаз атанып, төс белгіге ие болды. Айта кетейік, жас ғалым бұған дейін Америка құрама штаттарында тұрған. 2019 жылы туған жеріне оралды. Бұл марапатқа өз елінде жеткеніне тіптен қуанышты.

Жәмилә Ахметова, байқау жеңімпазы:

Әрине, бұл жағдай мен үшін тосыннан болды. Үйреншікті демалыс күні еді, анам үйге сәлемдемемен келді. Ішінде төс белгі бар екен, мен басында аздап ұялдым. Кейін мен байқау туралы есіме түсіп, маған қызықты болды. Ішін ашқанымда таң қалдым, кейін, «Мен бұл марапатқа лайықпын ба деген ой келді. Бірақ, бұл менің еңбегімнің жемісі екеніне сенемін.

Жәмилә әрдайым жан-жақты даму үстінде. Барлық пәндерге қызығушылық танытады. Мәселен, математика бағытында көптеген сертификаттары бар. АҚШ-та президенттік білім беру бағдарламасына қатысып, оқу үлгерімінде көрсеткен жоғары дәрежесі үшін 2017 жылы Дональд Трамптан сертификат алған. Ал, анасы әр сайыста жігер беретін қолдаушысы.

Жанна Жанахметова, Ж. Ахметованың анасы:

Жәмилә Павлодар қаласында дүниеге келді. Бірақ, өмірінің көп бөлігін Америка құрама штаттарында өткізді. Бала кезінен оқып, жан-жақты дамығанды ұнатады. Сертификат, төсбелгі, марапаттары өте көп. Есте қалар марапаттарының бірі АҚШ президенті Дональд Трамптан алған алғыс хаты еді.

Ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде еліміздің үздік оқушы, студент, магистранттарына өз марапаттарын табыстайды. Онлайн байқау бірнеше кезеңнен өтті.

Райгүл Нұрбаева, дарынды қыз балаларға арналған «білім-инновация» лицей-интернатының тәрбие ісі меңгерушісі

Оқушының зерттеуші жұмыстары, олимпиадаларға қатысулары жүлделері ескерілген болатын. Әділ қазылардың шешімімен көптеген жүлделерге ие болған оқушымыз Ахметова Жәмилә болған гран-при иегері атанды.

Жерлесіміз Отанына келген сәттен түрлі олимпиадаларда бақ сынауда. Бос уақытында кітап оқығанды, түрлі зерттеу жұмыстарымен айналысқанды ұнатады. Оны қазақстандық ұстаздары, сыныптастары құшақ жая қарсы алған. Бүгінде Жәмилә Ахметова қазақ тілін үйреніп жатыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button