Жаңалық

«Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» республикалық онлайн жобасы іске қосылады

9 қарашада елімізде «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» республикалық онлайн жастар жобасы іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов мәлім етті.

«Президент тапсырмасына сәйкес жастардың цифрлық және кәсіптік білім деңгейін арттыру, спорттық-шығармашылық әлеуетін дамыту мәселелерін назарға алып отырмыз. Осы мақсатта 9 қараша мен 8 желтоқсан аралығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ ұйымдастыруымен «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» республикалық онлайн жастар жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жобаның негізгі мақсаты – жастарды жаңа болмыс жағдайында біріктіру, зияткерлік қабілеті мен тұлғалық капиталын дамыту, сонымен қатар дағдыларын шыңдауға, жаңа қырларын ашуға, кәсіпкерлік, волонтерлік қызметін дамыту үшін жағдай жасау», – деді Шахмардан Байманов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл бұл бағыттағы онлайн шаралардың біршамасын онлайн форматта өткізу жоспарланған.

«Сондықтан қазіргі күрделі жағдайды ескере келе республикалық онлайн жастар жобасын жүзеге асыруды жөн деп санадық», – дейді Шахмардан Байманов.

Комитет басшысы «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» республикалық жобасы дәстүрлі шара екенін еске салды.

«2018 жылы «Зеренді» республикалық білім лагерінде жоба ұйымдастырылған. Содан бері үшінші рет өткізілгелі отыр. Жобаға үш жылдың көлемінде белсенді жастар қатысқан», – деді ол.

Басқа материалдар

Back to top button