Жаңалық

Мұстафа Өзтүрік рухына арналған күй (видео)

Қазақстанның белгілі спорт қайраткері, аты аңызға айналған тұлға өз өмірінде Қазақстанда таеквандо мектебінің негізін қалап, адал ізбасарларын тәрбиелей білді.

Рухы мықты, өз идеяларына берілген Мұстафа Өзтүріктің бейнесі композитор Шолпан Қорғанбекті «Тарлан» аспаптық туындысын шығаруға шабыттандырды. Бұл шығармада Мұстафа Өзтүріктің бейнесі кең ауқымды және әсем көркемделген.

 

Домбыра үніндегі лирикалық бастама кейіпкердің туған жері туралы, өзінің барлық білімі мен дағдыларын туған халқына қалай жеткізуге болатындығы туралы ойларын жеткізеді. Бүкіл ансамбльмен орындалатын шығарманың жылдам бөлігі Мұстафа Өзтүріктің ерік-жігер, рух күші, батылдық, адалдық сияқты қасиеттерін аша отырып, жігерлі, екпінді шырқалады.

Шығарманың авторы Шолпан Қорғанбек шығарма туралы былай дейді:

Қазақстанның аты аңызға айналған тұлғалары мені жігерлендіргендей болады. Олар біздің қуатты және бай шежіремізді құрайтын тұлғалар деп айта аламын. Осылайша Әл-Фарабидің, Абайдың, Сұлтан Бейбарыстың, Шыңғысханның, Бөрте, Кейкі батырдың, Бауыржан Момышұлының, Бекзат Саттархановтың музыкалық портреттері дүниеге келді.

 

Мұстафа Өзтүріктің тұлғасы да мені музыкалық арнау жазуға шабыттандырды. Өзім бастан кешірген сезімді, мықты адамның өмір бейнесі мен қызметіне деген қызығушылықты дүйім жұртқа жеткізгім келді. Бұл мақтаныш пен таңдану сезімі. Кейіпкердің адами қасиеттерін, оның бастан кешкендерін, ойлары мен күшті рухын жеткізгім келді.

 

Тыңдаушы бұл музыкалық шығарманы ризашылықпен қабылдайды деген сенімдемін.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button