Жаңалық

«Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылған болатын. Бүгінде орталыққа арнайы ғимарат бөлініп, ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты, – деп хабарлайды Ruh.kz өңірлік жобалық кеңсеге сілтеме жасай отырып.

Наурыз айынан бастап қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім» орталығының жанынан «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы секторы құрылып, қазіргі таңда халыққа өз қызметін жаңа үлгіде ұсынуда.

Орталықтың басты мақсаты – аз қамтылған отбасыларға және көп балалы аналарға кәсіпкерлік жөнінде бағыт-бағдар беру, қысқа мерзімді курстарға жіберу, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру.

Орталықтың жұмысы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының тәжірибесін негізге ала отырып ұйымдастырылған.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:

Мемлекетіміздің ең басты мақсаты – әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын жақсарту. Бүгінгі таңда экономикалық өсімнің арқасында әлеуметтік төлемдердің мөлшері көбейіп, отандық білім берудің деңгейі өсіп келеді. Біздің де демографиялық көрсеткішіміз артып, тұрғындардың саны 1 миллионнан асты. Күн сайын қаламызда шамамен 70-80 сәби дүниеге келеді. Мереке қарсаңында орталыққа арнайы ғимарат беріліп отыр. Мұнда әкімдікке қарасты басқармалардың мамандары сұранысқа сәйкес кесте бойынша азаматтарға кеңес береді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 38 148 көпбалалы отбасы бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button