Жаңалық

Қазақ туризмін қалай дамытуға болады?

Шымкентте туризм саласының мамандарына, қаланың БАҚ өкілдеріне арналған арнайы туристік тренинг-экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ruh.kz өңірлік жобалық кеңсеге сілтеме жасай отырып.

Экскурцияға ҚР ҰҒА академигі, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры, археолог, тарихшы Бауыржан Байтанаев арнайы шақырылған болатын.

Туризм менеджерлері әуелі «Ескі қалашық» аумағында болып, тарихи-мәдени орыннан табылған археологиялық жәдігерлер туралы мәліметтерге қанықты.

Одан кейін экскурсия жетекшілері «Қарашаш ана», «Ибрагим ата» кесенелері мен «Мәртөбеде» болды.

Сонымен қатар, семинар-тренинг барысында халықаралық іс-шараларды дестинацияға тарту, гид жұмысын жақсарту, MICE-индустриясының негіздерін басқаруы және дестинация бірегейлік тәжірибесін жетілдіру, халықаралық ассоциациялардың іс-шараларын тарутудың әдістері, замануи трендер секілді тақырыптарды қамтитын дәріс оқылды.

Айта кетейік, семинар-тренингті туризм саласындағы мамандардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және білімін жетілдіру мақсатында туризм басқармасы ұйымдастырған болатын.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button