Жаңалық

Тоғызқұмалақтан ІІІ желілік спартакиада өткізілді

Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында тоғызқұмалақтан ІІІ желілік спартакиада өткізілді. Спартакиадада барлық Зияткерлік мектептерден 88 оқушы бақ сынады.

Ежелгі ойынның жанкүйерлері алғаш рет өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасы арқылы кездесті. Бұл жылғы спартакиаданың ерекшелігі де осы.

Тоғызқұмалақ ойыны бойынша спартакиада Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жиі өткізіліп тұрады.

Тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ – шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, салқын қандылықты, терең және логикалық ойлауды қажет ететін ақыл-ой спорты. Сондықтан да бұл жоба NIS әлеуметтік жобалары қатарында сұранысқа ие.

Спартакиада арқылы жас жеткеншектердің тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтары жыл сайын артып, ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуға септігін тигізуде.

Бұл жылғы ойында біздің жерлестеріміз Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді.

7-9 сыныптар арасында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы Рысбай Әсел ІІ орынды иеленсе, құрама командалар арасында мектеп ІІІ орынды қанжығалады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button