Жаңалық

«Үркер-2020» Ұлттық сыйлығының номинанттары жарияланды

«Үркер-2020» сыйлығын марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасы баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы номинанттар есімін жариялады, – деп хабарлайды Ruh.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Биылғы жылы байқаудың 11 номинациясы бойынша қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазаны мен 5 қарашасы аралығында қабылданды.

Шорт-парақ тізімі:
1. Жылдың үздік фотосуреті:
Алтынбек Қартабай, «Арай» газеті
Ернар Алмабек, Massaget.kz
Руслан Мазунин, тәуелсіз фотограф
Сәкен Ділдахмет, тәуелсіз экологиялық шолушы

2. Жылдың үздік репортажы:
Айгерим Таубай, «Sputnik Қазақстан» АА
Айнаш Есалиева, «Egemen Qazaqstan» газеті
Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы
Данияр Адилбеков, Informburo.kz порталы

3. Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Кайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы
Нұрлан Оразғалиев, «Айқын» газеті
Есімжан Нақтыбайұлы, Inbusiness.kz порталы
Гүлім Еркінбек, BariBar.kz порталы

4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
Дархан Нурумбетова, BaigeNews.kz порталы
Елена Брицкая, Юрий Масанов, Informburo.kz порталы
Михаил Козачков, «Время» газеті
Дина Имамбаева, «Ақиқат» журналы

5. Жылдың үздік сұхбаты:
Зарина Ахматова, HOLA News порталы
Еркебұлан Нұрекеш, «Айқын» газеті
Гульбаршын Сабаева, «Егемен Қазақстан» газеті
Айгерим Фазыл, Tengrinews порталы

6. Жылдың үздік танымдық материалы:
Азамат Әбілұлы, «Egemen Qazaqstan» газеті
Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан АА
Еңлік Сақтан, BariBar.kz порталы
Динара Насыр, Жайық пресс порталы

7. Радиостанциядағы үздік жоба:
«Эфирде 102 FM» бағдарламасы, «Atyray» радиостанциясы
«Бизнес Start» бағдарламасы, «Жаңа FM» радиостанциясы
«Сәтті күн» бағдарламасы, «Жаңа FM» радиостанциясы
«Өмірдің өзі» бағдарламасы, «Halyk radiosy» радиостанциясы

8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
BAQ.kz порталы
LS Aqparat порталы
TengriNews порталы
BaigeNews.kz порталы

9. Жылдың үздік газеті:
«Курсив» бизнес апталығы
«AQ JOL» Жамбыл облыстық газеті
«Túrkistan» халықаралық газеті
«Жас алаш» газеті

10. Жылдың үздік журналы:
«Ақылдым» журналы
«Мұқағали» журналы
«Akyl-kenes» журналы
«Жұлдыз» журналы

11. Шерхан Мұртаза атындағы Номинация:
Қайнар Олжай
Сәрсенбай Қали
Еркін Қыдыр
Думан Бықай

Ұлттық бәйге жеңімпаздары 13 қараша күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі «Қазмедиа орталығында» өтеді, ал көрермендер назарына Сыйлықтың urker-awards.kz сайтында тікелей эфир ұйымдастырылатын болады.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздігіне жеңімпаз атағымен қатар «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етіледі.

Ұлттық бәйге ұйымдастырушысы: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button