Жаңалық

«Асарлатып үй салу» жобасы іске асырылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, облыс әкімінің қолдауымен республика бойынша алғаш рет Жамбыл облысында «Асарлатып үй салу» жобасы іске асырылды, – деп хабарлайды Ruh.kz өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне сілтеме жасай отырып.

Байзақ ауданынан бастау алған жобаның мақсаты – «Асар» дәстүрін жаңғырту, халықты береке-бірлікке бастау. Мұқтаж отбасы ауыл ақсақалдарының шешімімен анықталады.

«Асарлатып үй салу» жобасында басымдық әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы отбасыларға берілді. Облыс бойынша барлығы 123 үйдің кілтін табыс ету    жоспарланған.

Бүгінгі таңда, 117 үйдің құрылысы    басталып, оның 21-і пайдалануға берілді. Бүгінгі күні 96 үйдің құрылысы жүргізілуде.

«Келісті атаның жолы – кейінгіге үлгі» демекші, жақсы істі жаңғыртып, жалпының жанын жадыратқан «Асар» ісі ағайынның арасын нығайтуға, әлсізді демеуге үлкен себепкер, ел арасына тың ой салған игілікті іс болды.

Басқа материалдар

Back to top button