Жаңалық

Балмұздақ қалай жасалады?

Бүгінгі фоторепортаждың кейіпкері – Гормолзавод сүт зауытының маманы Войцеховская Валентина.

Валентина өз еңбек жолын осы сүт зауытынан бастаған.

Бүгінде бала күнінен сүйіп жейтін балмұздағын бүкіл республикаға таратып отыр.

Валентина үш жылдан бері мыңдаған балмұздақпен көпшілікке көңіл-күй сыйлап келеді

Таңғы 9-дан арнайы техникалардың жанында тұрып, балмұздақты қалыпқа құяды.

Жазғы шіліңгір ыстық басталғанда, сұраныстың көптігіне орай күндіз-түні үзіліссіз жұмыс істейді. Цех кей күні 7 тоннаға дейін балмұздақ шығарады

Кейіпкеріміз туған жерге туын тігіп, өндірістің өркендеуіне тер төгуден еш шаршамайды.

Еңбек адамы қоғамның негізгі қозғаушы күші.

Адал термен келген несібенің мәртебесі қашан да биік болмақ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button